Мектеп пен ата-ана арасындағы қарым-қатынасты нығайту және ата-аналарды сынып сағаттарына қатыстыру мақсатында 8 ІТ сынып оқушысы Азат Ерасылдың анасы Ахмадиева Меруерт Алтынбекқызы Алғыс айту күніне орай «Алғыс айтамын» тақырыбында сынып сағатын өткізді. Сынып сағатында оқушылар назарына атаулы датаға байланысты танымдық бейнебаян ұсынып, Алғыс айту күнінің тарихына тоқталып өтті. Оқушылармен топтық жұмыстар ұйымдастырып, қызықты тапсырмалар орындатты. Сынып сағаты әсерлі өтті.