16
август
2024
«Digital Kazakhstan: жаңа замандағы білім беру» «Digital Kazakhstan: образование в новой реальности»






Бүгін, 2024 жылдың 16 тамызында «Digital Kazakhstan: жаңа замандағы білім беру» тақырыбында өткен тамыз конференциясында мектебіміздің мұғалімдері Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің жоғары марапаттарымен марапатталды!
🏅Жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі елеулі табыстары үшін «Ы.АЛТЫНСАРИН» төсбелгісімен мектеп директоры Тинькова Светлана Юрьевна, директордың ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары Жанахметова Толкын Амангельдиновна және бастауыш сынып мұғалімі Мельникова Наталья Васильевна марапатталды.
🏅Бастауыш сынып мұғалімі Пахомова Елена Евгеньевна Шығыс Қазақстан облысының білім беру саласын дамытуға қосқан үлесі үшін «Шығыс Қазақстан облысының еңбек сіңірген ұстазы» төсбелгісімен марапатталды.
📜 Математика пәнінің мұғалімі Смагулова Асемгүл Бекмуханбетовна білім саласын дамыту жолында қол жеткен табыстары және оған қосқан зор үлесі үшін Оқу-ағарту министрінің Алғыс хатымен марапатталды.
Біз ұстаздарымызды мақтан тұтамыз және олардың баға жетпес еңбегі мен өз ісіне деген адалдығы үшін алғыс айтамыз! 👏✨
🎉 Поздравляем наших учителей с заслуженными наградами! 🎉
Сегодня, 16 августа 2024 года, на августовской конференции на тему «Digital Kazakhstan: образование в новой реальности» учителя нашей школы были удостоены высоких наград от Министерства просвещения Республики Казахстан!
🏅 Директор школы Тинькова Светлана Юрьевна, заместитель директора по научно-методической работе Жанахметова Толкын Амангельдиновна и учитель начальных классов Мельникова Наталья Васильевна были награждены почетным знаком «Ы.АЛТЫНСАРИНА» за значительные успехи в деле обучения и воспитании подрастающего поколения.
🏅 Учитель начальных классов Пахомова Елена Евгеньевна получила нагрудный знак «Заслуженный учитель Восточно-Казахстанской области» за свой вклад в развитие образования в Восточном Казахстане.
📜 Учитель математики Смагулова Асемгуль Бекмуханбетовна была удостоена благодарственного письма от министра просвещения за достижения и значительный вклад в развитие сферы образования.
Мы гордимся нашими педагогами и благодарим их за неоценимый труд и преданность своему делу! 👏✨