27
май
2025
Қазақстан балалар



27 мамыр күні мектебімізде «Балалар үні» тақырыбында АПФ (Американдық парламенттік формат) бойынша көрсетілімдік онлайн-дебат ойыны өтті.💬 Резолюция: «Бұл палата ата-аналарды балалар денсаулығы үшін жауапкершілікке тартуды қажет деп санайды».
🗣 Қызықты әрі дәлелді пікірталаста келесі командалар бақ сынады:
🔹 Үкімет командасы — Минченко София және Ильясова Мәдина Қайратқызы
🔹 Оппозиция командасы — Тилеляева Полина және Еремеева Ирина Геннадьевна
🎯 Ойынның мақсаты — оқушылардың сыни ойлауын, азаматтық ұстанымын қалыптастыру және балалардың құқықтары туралы ой қозғау.
🎙 Дебат барысында мынадай маңызды сұрақтар талқыланды:
✔ Ата-аналар балалардың денсаулығына жауап беруі тиіс пе?
✔ Қамқорлық пен жаза арасындағы шекара қайда?
✔ Санкция ма, әлде қолдау ма маңызды?
👏 Барлық қатысушыларға, төрешілерге және тәлімгерлерге алғысымызды білдіреміз. Тақырыпқа бейжай қарамай, терең ой қозғағандарыңыз үшін ризамыз!
🌱 Балалар — болашақтың дауысы. Бұл дауыс барған сайын айқын естіліп жатқанына қуанамыз!