05
декабрь
2025
Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына арналған ғылыми-практикалық конференция







Бүгін мектебімізде қазақтың ұлы ғалымы, ағартушысы, этнографы Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың туғанына 190 жыл толуына орай ғылыми-практикалық конференция өтті.Оқушылар Шоқан Уәлихановтың өмір жолын, ғылыми еңбектерін, саяхаттарын және қоғамға қосқан үлесін зерттеп, мазмұнды баяндамалар жасады.
Конференция барысында Шоқанның шығыстану ғылымына қосқан үлесі, тарихи және әдеби еңбектері туралы тың мәліметтер ұсынылды. Ізденіс жұмыстары арқылы оқушылар зерттеу дағдыларын дамытып, ұлт тарихына деген құрметін арттырды.
Бұл шара – жас ұрпаққа рухани тәрбие мен патриоттық сезім қалыптастырудың тамаша үлгісі болды.
В нашей школе прошла НПК, приуроченная к 190-летию великого казахского ученого, просветителя и этнографа — Шокана Уалиханова. Учащиеся представили исследовательские работы, посвящённые его жизни, научному наследию, вкладу в развитие Востоковедения, истории и литературы.
Темы выступлений охватили важнейшие аспекты биографии Шокана, его путешествия, участие в научных экспедициях, а также его взгляды на общество, культуру и будущее казахского народа.
📌 Конференция не только углубила знания учащихся, но и стала важным шагом в формировании исследовательских навыков и патриотического сознания.