12
декабрь
2025
Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспектормен профилактикалық әңгіме




Бүгін мектепте «Құқықтық тәртіп» жедел профилактикалық іс-шарасы аясында кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспектордың оқушылармен профилактикалық әңгімесі өткізілді. Кездесудің мақсаты – оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, жауапкершілік пен саналы мінез-құлықты арттыру.Әңгіме барысында оқушылар кәмелетке толмағандардың құқықтары мен міндеттері, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік түрлері, құқықбұзушылықтардың салдары туралы маңызды ақпарат алды. Сонымен қатар қоғамдық орындардағы, интернет кеңістігіндегі қауіпсіздік ережелері, буллинг пен кибербуллингтің алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Инспектор өмірден алынған нақты мысалдар келтіріп, қауіпті жағдайлардың алдын алу жолдарын, көмекке кімге жүгінуге болатынын, мектеп пен қоғамда белгіленген тәртіп нормаларын сақтаудың маңызын түсіндірді.
Осындай кездесулер оқушылардың өз әрекеттерінің салдарын дұрыс түсінуіне, құқықтық сауаттылығын арттыруға және қауіпсіз мектеп ортасын қалыптастыруға ықпал етеді.
Сегодня в школе в рамках ОПМ «Правопорядок» была проведена профилактическая беседа инспектора по делам несовершеннолетних с учащимися. Встреча была направлена на формирование правовой культуры, повышение ответственности и осознанного поведения подростков.
В ходе беседы ребята получили важную информацию о правах и обязанностях несовершеннолетних, видах административной и уголовной ответственности, а также о последствиях правонарушений. Особое внимание было уделено вопросам безопасного поведения в общественных местах, в сети Интернет, профилактике буллинга и кибербуллинга.
Инспектор привёл реальные примеры из практики, объяснил, как избежать опасных ситуаций, к кому обращаться за помощью и почему важно соблюдать нормы школьного и общественного порядка.
Подобные встречи помогают учащимся лучше понимать последствия своих поступков, формируют навыки правосознательного поведения и способствуют созданию безопасной школьной среды.