«Досболlike» » КГУ «ОСШЛМФИ» УО ВКО
Коммунальное государственное учреждение
"Областная специализированная школа-лицей
для детей, одаренных в области
математики, физики, информатики"
Управления образования
Восточно-Казахстанской области
Приемная :
+7(7232) 24-93-01
Бухгалтерия:
+7(7232) 24-93-01
Версия для
слабовидящих
» » «Досболlike» КГУ «ОСШЛМФИ» УО ВКО
22
январь
2026

«Досболlike»

«Досболlike» бағдарламасы аясында мектеп педагог-психологтары Чалдыбаева Г.Ж. және Ораз М.Қ. 2, 4 және 6-сынып оқушыларына арналған психологиялық-дамыту сабақтарын өткізді.
2-сыныптар 
Тақырыбы: «Менің тату ұжымым және мен ондағы орным».
Сабақ барысында оқушылар ұжымдағы достық қарым-қатынасты нығайтуға, бір-бірін қолдауға және ынтымақтастықта жұмыс істеуге бағытталған ойындар мен жаттығулар орындады. Балалардың бір-біріне деген сыйластығы мен татулығын қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінді.
4-сыныптар
Тақырыбы: «Сөз — қарым-қатынастың негізі».
Оқушылар дұрыс әрі мәдениетті сөйлесу, сөз арқылы сыйластық таныту, өз ойын нақты жеткізу және әдепті қарым-қатынас орнату дағдыларын дамытуға арналған тапсырмалармен жұмыс жасады. Сабақ барысында жағымды қарым-қатынастың маңызы түсіндірілді.
6-сыныптар 
Тақырыбы: «Мен өзгелердің арасында».
Бұл сабақта оқушылар жанжалдың пайда болу себептерін түсініп, өз эмоциясын бақылау, пікірталас кезінде өзін дұрыс ұстау және қиын жағдайларда бейбіт шешім табу жолдарын үйренді. Қарым-қатынас мәдениеті мен өзара түсіністікті арттыруға бағытталған жаттығулар орындалды.

Сабақтар барысында топтық және жеке тапсырмалар қолданылды. Оқушылар белсенді қатысып, өз ой-пікірлерін айтып, сабақтан алған әсерлерімен бөлісті.

В рамках программы #Досболlike педагоги-психологи школы Чалдыбаева Г.Ж. и Ораз М.Қ. провели занятия для учащихся 2-х, 4-х и 6-х классов.
2-е классы (проект «Я+ты=мы»)
Тема: «Мой дружный коллектив, и я в нём» — игры и упражнения на дружбу и сплочение.
4-е классы (проект «Энергия слова»)
Тема: «Слово — основа общения» — учились говорить доброжелательно и уважительно.
6-е классы (проект «Искусство управления конфликтами»)
Тема: «Я среди других» — отрабатывали навыки общения и мирного решения конфликтов.

Занятия прошли в форме групповых и индивидуальных заданий. Ребята активно участвовали и поделились положительными впечатлениями 

Лента новостей

20 июль 2026 Объявление
20 июль 2026 Объявление
17 июль 2026 Объявление
17 июль 2026 Объявление
17 июль 2026 Объявление
09 июль 2026 Объявление
09 июль 2026 Объявления
07 июль 2026 Объявление
23 июнь 2026 Результаты
18 июнь 2026 Результаты
Наш адрес
Усть-Каменогорск, улица Новаторов, 9А

©2016-2024, Коммунальное государственное учреждение "Областная специализированная школа-лицей для детей, одаренных в области математики,физики,информатики" Восточно-Казахстанской области
Все права защищены. Проект "Интерактивная школа". Техническая поддержка "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru