30
апрель
2026
Ашық сабақ

29 сәуір 2026 жылы жас педагогтердің пәндік онкүндігі аясында 7 «IT» сыныбында математика пәнінің мұғалімі Бақытов Данияр Базарұлы ашық сабақ өткізді. Сабақ оқушылардың алгебралық бөлшектерді ықшамдау, ортақ бөлімге келтіру және түрлендіру дағдыларын дамытуға, сондай-ақ математикалық ойлау қабілеттерін жетілдіруге бағытталды. Сабақ барысында оқушылар белсенділік танытып, деңгейлік тапсырмалар арқылы білімдерін практикада тиімді қолдана білді.