17
июнь
2026
«Алтын белгі»





Бүгін мектебімізде ең маңызды әрі жүрекке жылы әсер қалдыратын шаралардың бірі — 11-сынып түлектеріне жалпы орта білім туралы аттестаттарды салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті. Биыл 10 түлек «Алтын белгі» аттестатын, ал 4 түлек үздік аттестатқа ие болды.Бұл күн білімге, жетістіктерге және жарқын естеліктерге толы мектеп өмірінің маңызды кезеңінің аяқталғанын білдіретін ерекше мереке болды. Артта сабақтар, емтихандар, олимпиадалар, мектептегі мерекелік іс-шаралар мен достармен өткен қызықты сәттер қалды. Алда – жаңа мүмкіндіктер, мамандық таңдау, студенттік өмір және үлкен өмірлік жетістіктер күтіп тұр.
Түлектерге арналған жылы лебіздері мен ізгі тілектерін мектеп әкімшілігі, ұстаздар және ата-аналар білдірді. Сондай-ақ, 11 жыл бойы оқушыларға қолдау көрсетіп, олардың табысқа жетуіне ықпал еткен педагогтер мен ата-аналарға ерекше алғыс айтылды.
Біз түлектеріміздің жетістіктерін, мақсаткерлігін және білімге деген құштарлығын мақтан тұтамыз. Әрқайсысына армандарына нық қадам басып, батыл шешімдер қабылдап, жеткен жетістіктерімен тоқтап қалмай, әрдайым туған мектебін мақтан тұтып жүрулеріне тілектеспіз.
Ақ жол, 2026 жылғы түлектер!