Бастапқы әскери және технологиялық даярлығының педагог-ұйымдастырушысының бос қызмет орнына конкурс жарияланады
ШҚО ББ «Облыстық математика, физика, информатика» саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейі» КММ орта білім беру ұйымдарының бастапқы әскери және технологиялық даярлығының педагог-ұйымдастырушысының оқыту орыс тілінде жүргізілетін бос қызмет орнына конкурс жариялайды.
Негізгі қызмет:
Мамандандырылған білім беру ұйымы - бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орны.
Мамандандырылған білім беру ұйымының мақсаты: бәсекеге қабілетті тұлға және дарынды балалардың функционалды сауаттылығын дамытуға мүмкіндік береді, қарқынды дамып келе жатқан ортада өмір сүруге бейімделген мәдени жағынан дамыған зияткер тұлғаны қалыптастыру.
Мамандандырылған білім беру ұйымының міндеттері: тереңдетілген білім беруді қамтамасыз ету; еліміздің зияткерлік әлеуетін сақтау және ұлғайту; дарынды балалардың жеке бағдарланған білімін дамыту және білім алушылардың мамандандырылған үлгідегі оқу бағдарламаларын сапалы игеруін қамтамасыз ету, дарынды балалардың жеке бағдарланған білімін дамыту, оқушылардың ғылыми-зерттеу қызметінің дағдылары мен шығармашылық қабілетін жетілдіру; Отанға, туған елге деген махаббат, ұлттық мақтаныш сезім мен азаматтық қадір-қасиеті бар әлеуметтік белсенді азамат және патриот тұлғаны қалыптастыру.
Оқыту тілі : орыс тілі
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптары:
"Бастапқы әскери оқыту және дене тәрбиесі оқытушысы" мамандығы бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
"Запастағы офицер", офицерлік құрам лауазымдарында жоғары (орта) әскери немесе педагогикалық білімі немесе педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжаты бар әскери қызметі болған жағдайда, жұмыс өтіліне талап қойылмайды;
және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін-кемінде 2 жыл, педагог – сарапшы үшін – кемінде 3 жыл, педагог-зерттеуші үшін – кемінде 4 жыл, педагог-шебер үшін – 5 жыл
Білуге тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Қазақстан Республикасындағы Баланың құқықтары туралы", "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" заңдарын, Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери есепке алу мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы";
білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламалары, білім алушыларға білім беру мен тәрбиелеу, бастапқы әскери даярлық мәселелері жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық актілер;
мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, оқу пәнінің мазмұны, оқу-тәрбие процесі, оқыту және бағалау әдістемесі;
педагогика және психология, әлеуметтану негіздері, қазіргі педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктері;
басқарудың инновациялық әдістері;
педагогикалық этиканың нормалары;
экономика негіздері, еңбек заңнамасы, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары.
Лауазымдық міндеттері:
білім алушыларды әскери-патриоттық тәрбиелеу жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
оқу бағдарламаларын, оқу-әдістемелік кешендерді әзірлейді;
оқу кабинетін жабдықтауға және жабдықтауға қойылатын талаптарды сақтайды;
басшының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарымен, сынып жетекшілерімен (топ жетекшілерімен) бірлесіп, оқу жылына арналған әскери-патриоттық жұмыс жоспарын әзірлейді, оның орындалуын қамтамасыз етеді және оқу полигонының жұмысын үйлестіреді;
білім беру ұйымдарының бастапқы әскери даярлық кабинеттерінің және (немесе) полигондарының материалдық базасын дамыту және нығайту, жабдықтар мен құрал-саймандардың сақталуы, санитариялық-гигиеналық талаптардың сақталуы бойынша шаралар қабылдайды;
әскери іс негіздерін зерделеу бойынша үйірмелерге, әскери іс негіздерін зерделеу бойынша әскери-патриоттық клубқа басшылық етеді, төтенше жағдайлардағы іс-қимылдар бойынша практикалық сабақтар мен жаттығулар өткізеді;
әскерге шақыру жасына дейінгілерді әскери есепке қою жөніндегі алдын ала жұмысты ұйымдастырады;
білім беру ұйымдарында азаматтық қорғаныс бойынша сабақтар өткізеді, қысылтаяң жағдайларда әрекет ету бойынша іс – шараларды пысықтайды, қорғаныс құрылыстарының, қысылтаяң жағдайларда азаматтық қорғаныс бойынша жеке қорғаныс құралдарының әзірлігін қамтамасыз етеді;
оқу-тәрбие үдерісінде қауіпсіздік шараларын сақтайды;
білім алушылар мен тәрбиеленушілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, Академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді.
Лауазымдық оклад: санатына және еңбек өтіліне бастап 182000 дейін 240000 байланысты
Конкурстың өткізілу орны: 070019 Өскемен қаласы, Новаторов көшесі 9а, ШҚО ББ «Облыстық математика, физика, информатика» саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейі» КММ 2 қабат, 217 кабинет
Конкурс «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығы (22.11.2021ж. толықтырулар мен өзгерістер) негізінде жүргізіледі («Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналастыру және мемлекеттік мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру ұйымының басшысы лауазымына конкурстық тағайындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2021 жылғы 19 қарашадағы № 568 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2021 жылғы 22 қарашадағы № 432 бірлескен бұйрығы).
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам мынадай құжаттар әкелу керек:
- Конкурсқа қатысу туралы өтініш осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып;
Посмотреть онлайн файл: zajavlenie-na-dopusk-k-konkursu.docx - жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
- кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы және фотосурет;
- мемлекеттік үлгідегі білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
- еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
- "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген);
- психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
- наркологиялық ұйымнан анықтама;
- Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагогмодератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда);
- 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.
Посмотреть онлайн файл: ocenochnyj-list.docx
Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.
Құжаттар хабарландыру шыққан күннен бастап жеті күн ішінде тамыз айының 18-24 аралығында PDF форматта skolapriem@gmail.com электронды поштаға , телефон 8/7232/249301 қабылданады.