Педагог-психологының бос қызмет орнына конкурс жарияланады » КГУ «ОСШЛМФИ» УО ВКО
Коммунальное государственное учреждение
"Областная специализированная школа-лицей
для детей, одаренных в области
математики, физики, информатики"
Управления образования
Восточно-Казахстанской области
Приемная :
+7(7232) 24-93-01
Бухгалтерия:
+7(7232) 24-93-01
Версия для
слабовидящих
» » » Педагог-психологының бос қызмет орнына конкурс жарияланады КГУ «ОСШЛМФИ» УО ВКО
27
январь
2023

Педагог-психологының бос қызмет орнына конкурс жарияланады

ШҚО ББ «Облыстық математика, физика, информатика» саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейі» КММ орта білім беру ұйымдарының педагог-психологының оқыту орыс тілінде жүргізілетін бос қызмет орнына конкурс жариялайды.
Негізгі қызмет:
Мамандандырылған білім беру ұйымы - бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орны.
Мамандандырылған білім беру ұйымының мақсаты: бәсекеге қабілетті тұлға және дарынды балалардың функционалды сауаттылығын дамытуға мүмкіндік береді, қарқынды дамып келе жатқан ортада өмір сүруге бейімделген мәдени жағынан дамыған зияткер тұлғаны қалыптастыру.
Мамандандырылған білім беру ұйымының міндеттері: тереңдетілген білім беруді қамтамасыз ету; еліміздің зияткерлік әлеуетін сақтау және ұлғайту; дарынды балалардың жеке бағдарланған білімін дамыту және білім алушылардың мамандандырылған үлгідегі оқу бағдарламаларын сапалы игеруін қамтамасыз ету, дарынды балалардың жеке бағдарланған білімін дамыту, оқушылардың ғылыми-зерттеу қызметінің дағдылары мен шығармашылық қабілетін жетілдіру; Отанға, туған елге деген махаббат, ұлттық мақтаныш сезім мен азаматтық қадір-қасиеті бар әлеуметтік белсенді азамат және патриот тұлғаны қалыптастыру.
Оқыту тілі : орыс тілі
Біліктілікке қойылатын талаптар:
"Педагогика және психология" бағыты бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе бейіні бойынша жоғары медициналық білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды;
және (немесе) біліктілігінің жоғары немесе орта деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін кемінде 3 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 4 жыл, педагог-зерттеуші үшін кемінде 5 жыл;
және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-шебер үшін кемінде 5 жыл.
Білуге тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдары және білім беру мәселелері жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық актілер;
жеке тұлға психологиясы, дифференциалды балалар және жас ерекшеліктері, әлеуметтік, медициналық психология, балалар нейропсихологиясы, патопсихология, психосоматика;
педагогикалық этиканың нормалары;
дефектология, психотерапия, сексология, психогигиена, кәсіптік бағдар, мамандану және еңбек психологиясы, психодиагностика, психологиялық кеңес беру және психопрофилактика негіздері;
белсенді оқыту, әлеуметтік-психологиялық қарым-қатынас әдістері;
жеке және топтық кеңес берудің, диагностика мен баланың дамуын түзетудің заманауи әдістері,
еңбек заңнамасының негіздері, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар мен нормалар.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптары: оқушылардың психологиялық және әлеуметтік әл-ауқатын қамтамасыз етуге және қалыпқа келтіруге, олардың әртүрлі өмірлік жағдайларда әлеуметтік-психологиялық бейімделу қабілетін дамытуға, сондай-ақ кәсіби өзін-өзі анықтау мәселелерінде көмек көрсетуге бағытталған қызметті жүзеге асырады;
білім алушылардың, тәрбиеленушілердің, педагог қызметкерлердің және оқушылардың немесе оларды алмастыратын адамдардың ата-аналарының психологиялық мәдениетін қалыптастырады;
инклюзивтілік қағидатын іске асыруға жәрдемдеседі және білім беру процесіне қатысушылардың барлығының мінез-құлқының толерантты мәдениетін қамтамасыз етеді;
буллингтің, өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын алу бойынша жұмыс жүргізеді;
білім алушылар, тәрбиеленушілер, педагогтар және басқа да қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, Академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді;
әр түрлі бағыттағы және бағыттағы психологиялық диагностиканы жүргізеді, оқыту, тұлғалық даму және мінез-құлық проблемаларын уақтылы анықтайды, психологиялық қорытынды жасайды;
ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалауға қатысады және оның негізінде оқушылардың жеке ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, дамыту бағдарламаларын, сондай-ақ педагог-ассистенттің іске асыруы үшін балалардағы проблемалық мінез-құлықты жеңу бағдарламаларын әзірлейді;
әртүрлі психологиялық проблемалары бар балаларға, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға консультациялар, жеке, кіші топтық және топтық дамыту сабақтары нысанында психологиялық көмек көрсетеді;
дарынды оқушыларды психологиялық қолдауды жүзеге асырады;
ата-аналарға, педагогтерге, мамандарға, нақты психологиялық мәселелерді шешуде консультациялық көмек көрсетеді;
педагогикалық ұжымға, сондай-ақ оқушылардың жеке және әлеуметтік даму проблемалары бойынша оқушылардың немесе оларды алмастыратын адамдардың ата-аналарына ұсынымдар әзірлеу мақсатында зерттеу жұмыстарының материалдары бойынша психологиялық талдауды жүзеге асырады;
белгіленген нысан бойынша құжаттаманы жүргізеді, педагогикалық, әдістемелік кеңестердің жұмысына, ата-аналар жиналыстарын, сауықтыру, тәрбиелеу және білім беру ұйымының жұмыс жоспарында көзделген басқа да іс-шараларды өткізу жөніндегі жұмысқа қатысады;
кәсіби құзыреттілікті арттырады, мектеп жасындағы балалармен психологиялық жұмыстың заманауи әдістері мен технологияларын қолданады;
баланың құқықтарын қорғау жөніндегі конвенцияға сәйкес жеке адамның құқықтарын қорғауға жәрдемдеседі;
балалардың өмірін, денсаулығын және құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидаларын сақтайды;
білім алушылар, тәрбиеленушілер, педагогтар және басқа да қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді.
Лауазымдық оклад: санатына және еңбек өтіліне бастап_____дейін_____ байланысты
Конкурстың өткізілу орны: 070019 Өскемен қаласы, Новаторов көшесі 9а, ШҚО ББ «Облыстық математика, физика, информатика» саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейі» КММ 2 қабат, 217 кабинет
Конкурс «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығы (22.11.2021ж. толықтырулар мен өзгерістер) негізінде жүргізіледі («Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналастыру және мемлекеттік мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру ұйымының басшысы лауазымына конкурстық тағайындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2021 жылғы 19 қарашадағы № 568 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2021 жылғы 22 қарашадағы № 432 бірлескен бұйрығы).


Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам мынадай құжаттар әкелу керек:
1.Конкурсқа қатысу туралы өтініш осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып; (zajavlenie-na-dopusk-k-konkursu.docx [13,94 Kb] (cкачиваний: 3)
Посмотреть онлайн файл: zajavlenie-na-dopusk-k-konkursu.docx )
2.жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3.кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы және фотосурет;
4.мемлекеттік үлгідегі білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5.еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6."Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген);
7.психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8.наркологиялық ұйымнан анықтама;
9. Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагогмодератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда);
10. 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы. (ocenochnyj-list.docx [18,19 Kb] (cкачиваний: 2)
Посмотреть онлайн файл: ocenochnyj-list.docx )

Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.

Құжаттар хабарландыру шыққан күннен бастап жеті күн ішінде қаңтардың 27-і мен ақпанның 4-і аралығында PDF форматта skolapriem@gmail.com электронды поштаға , телефон 8/7232/249301 қабылданады.

Лента новостей

25 апрель 2024 Эссе байқауы
24 апрель 2024 "El Umiti Talent"
20 апрель 2024 Конкурсный отбор
18 апрель 2024 «Brain ring»
17 апрель 2024 Ашық сабақ
Наш адрес
Усть-Каменогорск, улица Новаторов, 9А

©2016-2023, Коммунальное государственное учреждение "Областная специализированная школа-лицей для детей, одаренных в области математики,физики,информатики" Восточно-Казахстанской области
Все права защищены. Проект "Интерактивная школа". Техническая поддержка "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru