Әлеуметтік педагогтың бос қызмет орнына конкурс жарияланады » КГУ «ОСШЛМФИ» УО ВКО
Коммунальное государственное учреждение
"Областная специализированная школа-лицей
для детей, одаренных в области
математики, физики, информатики"
Управления образования
Восточно-Казахстанской области
Приемная :
+7(7232) 24-93-01
Бухгалтерия:
+7(7232) 24-93-01
Версия для
слабовидящих
» » » Әлеуметтік педагогтың бос қызмет орнына конкурс жарияланады КГУ «ОСШЛМФИ» УО ВКО
27
январь
2023

Әлеуметтік педагогтың бос қызмет орнына конкурс жарияланады

ШҚО ББ «Облыстық математика, физика, информатика» саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейі» КММ орта білім беру ұйымдарының әлеуметтік педагогтың оқыту орыс тілінде жүргізілетін бос қызмет орнына конкурс жариялайды.
Негізгі қызмет: Мамандандырылған білім беру ұйымы - бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орны.
Мамандандырылған білім беру ұйымының мақсаты: бәсекеге қабілетті тұлға және дарынды балалардың функционалды сауаттылығын дамытуға мүмкіндік береді, қарқынды дамып келе жатқан ортада өмір сүруге бейімделген мәдени жағынан дамыған зияткер тұлғаны қалыптастыру.
Мамандандырылған білім беру ұйымының міндеттері: тереңдетілген білім беруді қамтамасыз ету; еліміздің зияткерлік әлеуетін сақтау және ұлғайту; дарынды балалардың жеке бағдарланған білімін дамыту және білім алушылардың мамандандырылған үлгідегі оқу бағдарламаларын сапалы игеруін қамтамасыз ету, дарынды балалардың жеке бағдарланған білімін дамыту, оқушылардың ғылыми-зерттеу қызметінің дағдылары мен шығармашылық қабілетін жетілдіру; Отанға, туған елге деген махаббат, ұлттық мақтаныш сезім мен азаматтық қадір-қасиеті бар әлеуметтік белсенді азамат және патриот тұлғаны қалыптастыру.
Оқыту тілі : орыс тілі
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптары: жоғары педагогикалық білімі немесе "Әлеуметтік педагог" бағыты бойынша кәсіптік білімі немесе педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат, жұмыс стажына талап қойылмайды;
және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде әлеуметтік педагог лауазымындағы жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін-кемінде 2 жыл, педагог – сарапшы үшін-кемінде 3 жыл, педагог-зерттеуші үшін – кемінде 4 жыл және педагог-шебер лауазымындағы жұмыс өтілі – 5 жыл.
Білуге тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" заңдары және білім беру мәселелері жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық актілер;
педагогика және психология, физиология, гигиена;
тәрбие жұмысының әдістемесі, үйірмелер, секциялар, студиялар, клубтық бірлестіктер сабақтарының бағдарламалары;
педагогикалық этиканың нормалары;
балалар ұжымдары, ұйымдар мен қауымдастықтар қызметінің негіздері;
еңбек заңнамасының негіздері, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар мен нормалар.
Лауазымдық міндеттері:
жеке тұлғаның психологиялық-медициналық-педагогикалық ерекшеліктерін және оның шағын ортасын, өмір сүру жағдайларын зерделейді, білім алушылардың, тәрбиеленушілердің мүдделері мен қажеттіліктерін, проблемаларын, жанжалды жағдайларын, мінез-құлқындағы ауытқуларды анықтайды және оларға әлеуметтік көмек пен қолдауды уақтылы көрсетеді;
әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың міндеттерін, нысандарын, әдістерін, баланың жеке және әлеуметтік проблемаларын шешу тәсілдерін айқындайды, білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке басының құқықтары мен бостандықтарын іске асыруда әлеуметтік қорғау және әлеуметтік көмек бойынша шаралар қабылдайды;
білім алушылар, тәрбиеленушілер және ұйым, отбасы, орта, әртүрлі әлеуметтік қызметтердің, ведомстволар мен әкімшілік органдардың мамандары арасында делдал болады;
жеке тұлғаның қоғамдағы өмірге бейімделуін қамтамасыз ететін білім беру ұйымдарында және тұрғылықты жері бойынша білім алушыларды, тәрбиеленушілерді тәрбиелеу, білім беру, дамыту және әлеуметтік қорғау жөніндегі шаралар кешенін жүзеге асырады;
жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың, кемтар балалардың, мүгедек балалардың, бала кезінен мүгедектердің патронат, тұрғын үймен, жәрдемақылармен, зейнетақылармен, мүліктік және мүліктік емес құқықтармен қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты үйлестіреді;
сабақтан тыс уақытта білім алушылардың, тәрбиеленушілердің таланттарын, ақыл-ой және дене қабілеттерін дамыту үшін жағдай жасайды;
әлеуметтік ортада адамгершілік, адамгершілік сау қарым-қатынас орнатуға ықпал етеді;
білім алушылар, тәрбиеленушілер және мемлекеттік, қоғамдық ұйымдар мен әлеуметтік қызметтер арасындағы байланысты қамтамасыз етеді;
педагогтармен, ата-аналармен және өзге де заңды өкілдермен өзара іс-қимыл жасайды;
білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың, тәрбиеленушілердің өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді;
білім беру ұйымдарында білім беретін оқу бағдарламаларын әзірлеуге, бекітуге және іске асыруға қатысады;
білім алушылар мен тәрбиеленушілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді.
Конкурс «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығы (22.11.2021ж. толықтырулар мен өзгерістер) негізінде жүргізіледі («Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналастыру және мемлекеттік мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру ұйымының басшысы лауазымына конкурстық тағайындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2021 жылғы 19 қарашадағы № 568 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2021 жылғы 22 қарашадағы № 432 бірлескен бұйрығы).


Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам мынадай құжаттар әкелу керек:

1.Конкурсқа қатысу туралы өтініш осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып; zajavlenie-na-dopusk-k-konkursu.docx [13,94 Kb] (cкачиваний: 0)
Посмотреть онлайн файл: zajavlenie-na-dopusk-k-konkursu.docx
2.жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3.кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы және фотосурет;
4.мемлекеттік үлгідегі білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5.еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6."Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген);
7.психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8.наркологиялық ұйымнан анықтама;
9.Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагогмодератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда);
10.11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.ocenochnyj-list.docx [18,19 Kb] (cкачиваний: 0)
Посмотреть онлайн файл: ocenochnyj-list.docx

Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.

Құжаттар хабарландыру шыққан күннен бастап жеті күн ішінде тамыз айының 24-31 аралығында PDF форматта skolapriem@gmail.com электронды поштаға , телефон 8/7232/249301 қабылданады.

Құжаттар хабарландыру шыққан күннен бастап жеті күн ішінде қаңтардың 27-і мен ақпанның 4-і аралығында PDF форматта skolapriem@gmail.com электронды поштаға , телефон 8/7232/249301 қабылданады.

Лента новостей

25 апрель 2024 Эссе байқауы
24 апрель 2024 "El Umiti Talent"
20 апрель 2024 Конкурсный отбор
18 апрель 2024 «Brain ring»
17 апрель 2024 Ашық сабақ
Наш адрес
Усть-Каменогорск, улица Новаторов, 9А

©2016-2023, Коммунальное государственное учреждение "Областная специализированная школа-лицей для детей, одаренных в области математики,физики,информатики" Восточно-Казахстанской области
Все права защищены. Проект "Интерактивная школа". Техническая поддержка "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru