01
февраль
2023
Қазақстан Республикасының Оқу ағарту министрлігінің «Дарын» РҒПО 2023-2024 оқу жылына мамандандырылған білім беру ұйымдарының 5, 6, 7 – сыныптарына қабылдауды жүзеге асырады.

Құрметті ата-аналар мен оқушылар!
Қазақстан Республикасының Оқу ағарту министрлігінің «Дарын» РҒПО 2023-2024 оқу жылына мамандандырылған білім беру ұйымдарының 5, 6, 7 – сыныптарына қабылдауды жүзеге асырады.
Негіздеме: «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрығы.
2023-2024 оқу жылына арналған ОМФИММЛ КММ -нің 5, 6, 7-сыныптарына қабылдау квотасы:
5-сыныптарда: мемлекеттік тілде 25 орын (оның ішінде халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 3 орын), орыс тілінде 75 орын (олардың ішінде халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 12 орын).
6-сыныптарда: мемлекеттік тілде 25 орын (оның ішінде халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 3 орын).
7-сыныптарда: мемлекеттік тілде 23 орын (олардың 3-і халықтың әлеуметтік осал топтары үшін) және "Мың бала"олимпиадасының жеңімпаздары үшін 2 орын.
Құжаттарды онлайн - тіркеу және қабылдау 2023 жылғы 1 ақпан мен 15 сәуір аралығында https://www.qabyldau.daryn.kz/ru/index.php сайтында жүргізіледі.