Педагог-психологының бос қызмет орнына конкурс жарияланады » КГУ «ОСШЛМФИ» УО ВКО
Коммунальное государственное учреждение
"Областная специализированная школа-лицей
для детей, одаренных в области
математики, физики, информатики"
Управления образования
Восточно-Казахстанской области
Приемная :
+7(7232) 24-93-01
Бухгалтерия:
+7(7232) 24-93-01
Версия для
слабовидящих
» » » Педагог-психологының бос қызмет орнына конкурс жарияланады КГУ «ОСШЛМФИ» УО ВКО
03
август
2023

Педагог-психологының бос қызмет орнына конкурс жарияланады

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы "облыстық математика, физика информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандырылған мектеп-лицейі" КММ білім беру мекемесінің орыс тілде оқытатын   педагог-психологтың  бос лауазымына  байқау жариялайды.


Негізгі қызметі:

Мамандырылған білім беру ұйымы - бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің мамандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын оқу орны.

Мамандырылған білім беру ұйымының мақсаты қарқынды  дамып келе жатқан ортада өзіндік жетілдіруге дайын дарынды балалардың бәсекеге қабілетті тұлғасы мен  функционалдық сауаттылығын дамыту үшін жағдайларды қамтамасыз ету.

Мамандырылған білім беру ұйымдарының міндеттері: тереңдетіп білім алуды жүзеге асыру; елдің зияткерлік  әлеуетін сақтау және  арттыру;   дарынды балаларды оқытудың дараланған сипатын және  білім алушылардың мамандырылған үлгілік оқу бағдарламаларын сапалы меңгеруін қамтамасыз ету; дарынды балалардың дербес жобалау және зерттеу қызметінің дағдыларын жетілдіру; Отанға, өз халқына деген ұлттық мақтаныш, азаматтық қадір-қасиет сезіміне  ие азамат пен   патриоттың әлеуметтік белсенді тұлғасын қалыптастыру.

Оқыту тілі: қазақ, орыс тілдері

Лаузымға қойылатын біліктілік талаптары:

"Психология" бағыты бойынша "Педагогика және психология" бейіні бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білімі немесе "Психология" бейіні бойынша педагогикалық қайта даярлауды, медициналық білімін растайтын құжат, жұмыс өтіліне талап қойылмайды;

      және (немесе) біліктілігінің орта және жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін кемінде 3 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 4 жыл, педагог-зерттеуші үшін кемінде 5 жыл;

      және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде педагог-шебер үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілі – 5 жыл.

         Білуі тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" заңдары және Қазақстан Республикасының Білім беру мәселелері жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық актілері;

       жалпы психология, педагогикалық психология және жалпы педагогика, тұлға психологиясы және дифференциалды психология, балалар және жас психологиясы, әлеуметтік психология, медициналық психология, балалар нейропсихологиясы, патопсихология, психосоматика; 

      педагогикалық этиканың нормалары;

      арнайы мектепке дейінгі педагогика, психотерапия, психодиагностика, психологиялық кеңес беру және психопрофилактика негіздері;

       белсенді оқыту әдістері, қарым-қатынастың әлеуметтік-психологиялық тренингі; 

      ата-аналарға арналған жеке және топтық кәсіби кеңес берудің заманауи әдістері, баланың дамуындағы бұзылыстарды диагностикалау және түзету;

      еңбек заңнамасының негіздері, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар.

Лауазымдық міндеттері:

оқушылар мен тәрбиеленушілердің психологиялық әл-ауқатын қамтамасыз етуге және қалыпқа келтіруге, олардың әртүрлі өмірлік жағдайларда әлеуметтік-психологиялық бейімделу қабілетін дамытуға, оның ішінде девиантты мінез-құлыққа байланысты мәселелерінде көмек көрсетуге бағытталған қызметті жүзеге асырады;

      білім алушылар мен тәрбиеленушілерге бейінді және кәсіби өзін-өзі анықтауда көмек көрсетеді;

      білім беру ортасы жағдайында педагогтердің, ата-аналардың және өзге де заңды өкілдердің психологиялық-педагогикалық мәдениетін қалыптастырады және білім беру процесіне қатысушылар арасында толеранттылықты қалыптастыруға ықпал етеді;

      инклюзивтілік қағидатын іске асыруға жәрдемдеседі және білім беру процесіне қатысушылардың барлығының мінез-құлқының толерантты мәдениетін қамтамасыз етеді;

      білім алушылар мен тәрбиеленушілердің аутодеструктивті және девиантты мінез-құлықтың алдын алу бойынша жұмыс жүргізеді;

      білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жай-күйіне психологиялық-педагогикалық диагностика жүргізеді, психологиялық көмек көрсету үшін психологиялық-педагогикалық қорытынды мен ұсынымдар жасайды;

      білім алушылардың ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалауға қатысады және білім алушылардың жеке ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып дамыту бағдарламаларын әзірлейді;

      әртүрлі психологиялық проблемалары бар балаларға, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға консультациялар, жеке, кіші топтық және топтық дамыту сабақтары түрінде психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетеді;

      дарынды білім алушыларға психологиялық қолдауды жүзеге асырады;

      білім беру іс-әрекетіндегі қиындықтарға байланысты психологиялық проблемаларды шешуде білім алушыларға, тәрбиеленушілерге, педагогтерге, ата-аналарға немесе өзге де заңды өкілдерге консультациялық көмек және психологиялық қолдау көрсетеді;

      педагогикалық ұжымға, сондай-ақ білім алушылардың және тәрбиеленушілердің жеке және әлеуметтік даму мәселелері бойынша ата-аналарға немесе өзге де заңды өкілдерге ұсынымдар әзірлеу мақсатында ұйымдастырушылық-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмыс жүргізеді;

      белгіленген нысан бойынша құжаттаманы жүргізеді, педагогикалық, әдістемелік кеңестердің жұмысына, ата-аналар жиналыстарын, тәрбиелеу және білім беру ұйымының жұмыс жоспарында көзделген басқа да іс-шараларды өткізу жөніндегі жұмысқа қатысады;

      педагогика, психология және психотерапия бағыттары бойынша кәсіби құзыреттілікті үздіксіз арттырады, білім алушылар мен тәрбиеленушілерді психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу әдістері мен технологияларын қолданады;

       Баланың құқықтарын қорғау жөніндегі конвенцияға және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жеке адамның құқықтарын қорғауға жәрдемдеседі; 

      білім алушылар мен тәрбиеленушілердің оқу-танымдық іс-әрекетіндегі қиындықтарды жеңу бойынша ұсынымдар әзірлеуді жүзеге асырады;

      кәсіби қызмет барысында білім беру қызметінің психологиялық-педагогикалық принциптерін басшылыққа алады;

      білім алушылардың жас ерекшеліктерін және келіп түсетін сұраныстарды ескере отырып, диагностика жүргізу үшін жол берілетін әдістер мен әдістемелерді айқындайды;

      жалпы білім беру бағдарламаларын игерудегі психологиялық, әлеуметтік немесе физиологиялық қиындықтардың себептерін саралайды;

      білім алушы мен тәрбиеленушінің жеке басының ерекшеліктеріне психологиялық зерттеу жүргізеді, психоэмоционалды жай-күйін және оны тұрақтандыру мүмкіндіктерін талдайды;

      жеке немесе топтық түзету, дамыту және мотивациялық сабақтар немесе тренингтер өткізеді;

      білім алушылар мен тәрбиеленушілердің оқу-танымдық қызметі мен әлеуметтенуіндегі өзгерістер динамикасының мониторингіне қатысады;

      білім алушы мен тәрбиеленушінің оқу-танымдық қызметіндегі және әлеуметтенуіндегі қиындықтарды еңсеру бойынша білім беру ұйымының өз ішінде және одан тыс тиісті бейіндегі мамандармен өзара іс-қимыл жасайды.

Лауазымдық жалақысы: санатына және еңбек өтіліне байланысты 130000 теңгеден басталады.

Байқаудың өту орны: 070019 Өскемен қаласы, Новаторов  көшесі 9 а,  2 қабат, 217 кабинет, ШҚО білім басқармасы "Облыстық математика, физика информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандырылған мектеп-лицейі" КММ 

Байқау  Мемлекеттік білім беру  ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығына (22.11.2021 ж. өзгертулер мен   толықтырулар еңгізілген) (Мемлекеттік, орта, техникалық және  кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналастрыу және мемлекеттік мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру ұйымының басшысы лауазымына конкурстық тағайындау қағидаларын бекіту туралы") Қазақстан Республикасы Білім және   ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы  ю 57 бұйрығына  өзгерістер еңгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және  ғылым министрінің 2021 жылғы 19 қарашадағы   № 568 және Қазақстан Республикасы Еңбек және  халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 22 қарашадағы ю 432 бірлескен  бұйрығы  негізінде өткілізеді.

Байқауға  қатысу үшін кандидатқа қажетті құжаттар:

1) Үлгі (zajavlenie-na-dopusk-k-konkursu.docx   [13,94 Kb]бойынша  ұсынылатын құжаттардың тізімін  көрсете отырып,  байқауға қатысу туралы үтініш. Онлайн файлды көру: zajavlenie-na-dopusk-k-konkursu.docx );

2) Жеке басын  куәландыратын құжат немесе цифрлық  құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

3)кадрларды есепке алу бойынша  толтырылған парақша (нақты тұрғылықты мекен жайы және байланыс телефоны көрсетілген - бар болған жағдайда);

4)Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын  біліктілік талаптарына сәйкес  білімі туралы құжаттардың көшірмесі;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмесі;

6) "Денсаулық сақтау саласындағы  есепке алу  құжаттамасының нысандарын бекіту  туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің  мәндетін атқарушының  2020 жылғы  30 қазанындағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша  денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік   құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген);

7) психоневрологиялық ұйымынан анықтама;

8) наркологиялық ұйымынан анықтама;

9) Ұлттық біліктілік тестілеу  сертификаты немесе  педагог-модератордан төмен емес қолданыстағы  біліктілік санаты туралы куәлік (болған жағдайда);

10) Педагогтің  бос немесе уақытша бос  лауазымына   кандидаттың толтырылған бағалау парақшасы (ocenochnyj-list.docx  [18,19 Kb]
 Файлды осы жерде көруге болады: ocenochnyj-list.docx )

11) Еңбек өтілі жоқ кандидат үшін ұзақтығы кемінде 15 минутты құрайтын бейне презентация, рұқсаттылығы - 720 x 480.

Кандидат бар болған жағдайда  біліміне, жұмыс тәжірибесіне  қатысты қосымша ақпараттар ұсынуға болады ( біліктілікті арттыру, ғылыми/академиялық атақтар мен  дәрежелерді игеру бойынша құжаттардың көшірмесі, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар бойынша құжаттар және алдынғы  жұмыс орнынан  басшылықтың мінездемесі).

Аталған құжаттардың бірінің  болмауы кандидатқа құжаттарды қайтару үшін негізгі себеп болып табылады.

Құжаттар  хабарландыру шыққан күннен бастап  жеті жұмыс күні  ағымында PDF форматында  2023 жылдың  03 тамызыдан 11 тамызға аралығында  skolapriem@gmail.com  электронды поштасына қабылданады, телефон: 8/7232/249301

Лента новостей

25 апрель 2024 Эссе байқауы
24 апрель 2024 "El Umiti Talent"
20 апрель 2024 Конкурсный отбор
18 апрель 2024 «Brain ring»
17 апрель 2024 Ашық сабақ
Наш адрес
Усть-Каменогорск, улица Новаторов, 9А

©2016-2023, Коммунальное государственное учреждение "Областная специализированная школа-лицей для детей, одаренных в области математики,физики,информатики" Восточно-Казахстанской области
Все права защищены. Проект "Интерактивная школа". Техническая поддержка "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru