Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы "Облыстық математика, физика информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандырылған мектеп-лицейі" КММ білім беру мекемесінің орыс тілде оқытатын ұйымдастырушы-педагог бос лауазымына » КГУ «ОСШЛМФИ» УО ВКО
Коммунальное государственное учреждение
"Областная специализированная школа-лицей
для детей, одаренных в области
математики, физики, информатики"
Управления образования
Восточно-Казахстанской области
Приемная :
+7(7232) 24-93-01
Бухгалтерия:
+7(7232) 24-93-01
Версия для
слабовидящих
» » » Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы "Облыстық математика, физика информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандырылған мектеп-лицейі" КММ білім беру мекемесінің орыс тілде оқытатын ұйымдастырушы-педагог бос лауазымына КГУ «ОСШЛМФИ» УО ВКО
21
август
2023

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы "Облыстық математика, физика информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандырылған мектеп-лицейі" КММ білім беру мекемесінің орыс тілде оқытатын ұйымдастырушы-педагог бос лауазымына

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы "Облыстық математика, физика информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандырылған мектеп-лицейі" КММ білім беру мекемесінің орыс тілде оқытатын  ұйымдастырушы-педагог бос лауазымына  байқау жариялайды.


Негізгі қызметі:

Мамандырылған білім беру ұйымы - бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің мамандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын оқу орны.

Мамандырылған білім беру ұйымының мақсаты қарқынды  дамып келе жатқан ортада өзіндік жетілдіруге дайын дарынды балалардың бәсекеге қабілетті тұлғасы мен  функционалдық сауаттылығын дамыту үшін жағдайларды қамтамасыз ету.

Мамандырылған білім беру ұйымдарының міндеттері: тереңдетіп білім алуды жүзеге асыру; елдің зияткерлік  әлеуетін сақтау және  арттыру;   дарынды балаларды оқытудың дараланған сипатын және  білім алушылардың мамандырылған үлгілік оқу бағдарламаларын сапалы меңгеруін қамтамасыз ету; дарынды балалардың дербес жобалау және зерттеу қызметінің дағдыларын жетілдіру; Отанға, өз халқына деген ұлттық мақтаныш, азаматтық қадір-қасиет сезіміне  ие азамат пен   патриоттың әлеуметтік белсенді тұлғасын қалыптастыру.

Оқыту тілі: қазақ, орыс тілдері

Лаузымға қойылатын біліктілік талаптары:

Жоғары  және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білімі немесе бейіні бойынша педагогикалық қайта даярлауды, медициналық білімін растайтын құжат, жұмыс өтіліне талап қойылмайды;

      және (немесе) біліктілігінің орта және жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін кемінде 3 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 4 жыл, педагог-зерттеуші үшін кемінде 5 жыл;

      және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде педагог-шебер үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілі – 5 жыл.

          Білуі тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясы, "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының заңдары және білім беру мәселелері жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық актілер; педагогикалық этика нормалары; Педагогика және психология, физиология, гигиена, тәрбие жұмысының әдістемесі, үйірмелер, секциялар, студиялар, клубтық бірлестіктер сабақтарының бағдарламалары; балалар ұжымдарының, ұйымдар мен қауымдастықтардың, еңбек заңнамасының қызметі; Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелері, санитарлық ережелер мен нормалар.

Лауазымдық міндеттері:


          білім алушылардың, білім беру ұйымдары тәрбиеленушілерінің және тұрғылықты жері бойынша жас және психологиялық ерекшеліктерін, мүдделері мен қажеттіліктерін зерделейді, оларды іске асыру үшін жағдай жасайды; 

дарындылықты, ақыл-ой және физикалық қабілеттерді дамытуға, жеке тұлғаның жалпы мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді; 

клубтардың, үйірмелердің, секциялардың, балалар бірлестіктерінің жұмысын, балалар мен ересектердің әртүрлі бірлескен қызметін, білім алушылармен, тәрбиеленушілермен жеке жұмысты, дебаттарды, мектеп Парламентін ұйымдастырады; 

ғылыми-техникалық, көркем-шығармашылық, спорттық-туристік және басқа бағыттардың бірін басқарады;

қолданыстағы заңнамаға сәйкес баланың қауымдастықтарға, қоғамдық ұйымдарға қатысу құқықтарын іске асыруға ықпал етеді; 

оқушылардың, тәрбиеленушілердің кештерін, мерекелерін, жорықтарын, экскурсияларын, демалыс демалысын ұйымдастырады, білім алушылардың, тәрбиеленушілердің әлеуметтік маңызды бастамаларын қолдайды; 

балалардың мәдени-бұқаралық іс-шараларға қатысуын ұйымдастырады; іс-шараларды өткізу кезінде балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау үшін жағдайлар жасауды қамтамасыз етеді.


Лауазымдық жалақысы: санатына және еңбек өтіліне байланысты 120000 теңгеден басталады.

Байқаудың өту орны: 070019 Өскемен қаласы, Новаторов  көшесі 9 а,  2 қабат, 217 кабинет, ШҚО білім басқармасы "Облыстық математика, физика информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандырылған мектеп-лицейі" КММ 

Байқау   Мемлекеттік білім беру   ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығына (22.11.2021 ж. өзгертулер мен  толықтырулар еңгізілген) (Мемлекеттік, орта, техникалық және   кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналастрыу және мемлекеттік мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру ұйымының басшысы лауазымына конкурстық тағайындау қағидаларын бекіту туралы") Қазақстан Республикасы Білім және  ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы  ю 57 бұйрығына  өзгерістер еңгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және  ғылым министрінің 2021 жылғы 19 қарашадағы   № 568 және Қазақстан Республикасы Еңбек және  халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 22 қарашадағы ю 432 бірлескен   бұйрығы  негізінде өткілізеді.

Байқауға   қатысу үшін кандидатқа қажетті құжаттар:

1) Үлгі (zajavlenie-na-dopusk-k-konkursu.docx   [13,94 Kb]бойынша  ұсынылатын құжаттардың тізімін  көрсете отырып,  байқауға қатысу туралы үтініш. Онлайн файлды көру: zajavlenie-na-dopusk-k-konkursu.docx );

2) Жеке басын   куәландыратын құжат немесе цифрлық   құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

3)кадрларды есепке алу бойынша  толтырылған парақша (нақты тұрғылықты мекен жайы және байланыс телефоны көрсетілген - бар болған жағдайда);

4)Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын   біліктілік талаптарына сәйкес   білімі туралы құжаттардың көшірмесі;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмесі;

6) "Денсаулық сақтау саласындағы  есепке алу   құжаттамасының нысандарын бекіту   туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің  мәндетін атқарушының  2020 жылғы   30 қазанындағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша  денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік  құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген);

7) психоневрологиялық ұйымынан анықтама;

8) наркологиялық ұйымынан анықтама;

9) Ұлттық біліктілік тестілеу  сертификаты немесе  педагог-модератордан төмен емес қолданыстағы  біліктілік санаты туралы куәлік (болған жағдайда);

10) Педагогтің  бос немесе уақытша бос  лауазымына   кандидаттың толтырылған бағалау парақшасы (ocenochnyj-list.docx  [18,19 Kb]
 Файлды осы жерде көруге болады: 
ocenochnyj-list.docx )

11) Еңбек өтілі жоқ кандидат үшін ұзақтығы кемінде 15 минутты құрайтын бейне презентация, рұқсаттылығы - 720 x 480.

Кандидат бар болған жағдайда  біліміне, жұмыс тәжірибесіне  қатысты қосымша ақпараттар ұсынуға болады ( біліктілікті арттыру, ғылыми/академиялық атақтар мен  дәрежелерді игеру бойынша құжаттардың көшірмесі, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар бойынша құжаттар және алдынғы  жұмыс орнынан  басшылықтың мінездемесі).

Аталған құжаттардың бірінің  болмауы кандидатқа құжаттарды қайтару үшін негізгі себеп болып табылады.

Құжаттар   хабарландыру шыққан күннен бастап   жеті жұмыс күні  ағымында PDF форматында  2023 жылдың  21 тамызынан 29 тамыз аралығында  skolapriem@gmail.comэлектронды поштасына қабылданады, телефон: 8/7232/249301

Лента новостей

25 апрель 2024 Эссе байқауы
24 апрель 2024 "El Umiti Talent"
20 апрель 2024 Конкурсный отбор
18 апрель 2024 «Brain ring»
17 апрель 2024 Ашық сабақ
Наш адрес
Усть-Каменогорск, улица Новаторов, 9А

©2016-2023, Коммунальное государственное учреждение "Областная специализированная школа-лицей для детей, одаренных в области математики,физики,информатики" Восточно-Казахстанской области
Все права защищены. Проект "Интерактивная школа". Техническая поддержка "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru