Әлеуметтік педагогтың бос қызмет орнына конкурс жарияланады » КГУ «ОСШЛМФИ» УО ВКО
Коммунальное государственное учреждение
"Областная специализированная школа-лицей
для детей, одаренных в области
математики, физики, информатики"
Управления образования
Восточно-Казахстанской области
Приемная :
+7(7232) 24-93-01
Бухгалтерия:
+7(7232) 24-93-01
Версия для
слабовидящих
» » » Әлеуметтік педагогтың бос қызмет орнына конкурс жарияланады КГУ «ОСШЛМФИ» УО ВКО
03
август
2023

Әлеуметтік педагогтың бос қызмет орнына конкурс жарияланады

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы "Облыстық математика, физика информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандырылған мектеп-лицейі" КММ білім беру мекемесінің орыс тілде оқытатын  әлеуметтік педагог бос лауазымына   байқау жариялайды.


Негізгі қызметі:

Мамандырылған білім беру ұйымы - бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің мамандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын оқу орны.

Мамандырылған білім беру ұйымының мақсаты қарқынды  дамып келе жатқан ортада өзіндік жетілдіруге дайын дарынды балалардың бәсекеге қабілетті тұлғасы мен  функционалдық сауаттылығын дамыту үшін жағдайларды қамтамасыз ету.

Мамандырылған білім беру ұйымдарының міндеттері: тереңдетіп білім алуды жүзеге асыру; елдің зияткерлік  әлеуетін сақтау және  арттыру;   дарынды балаларды оқытудың дараланған сипатын және  білім алушылардың мамандырылған үлгілік оқу бағдарламаларын сапалы меңгеруін қамтамасыз ету; дарынды балалардың дербес жобалау және зерттеу қызметінің дағдыларын жетілдіру; Отанға, өз халқына деген ұлттық мақтаныш, азаматтық қадір-қасиет сезіміне  ие азамат пен   патриоттың әлеуметтік белсенді тұлғасын қалыптастыру.

Оқыту тілі: қазақ, орыс тілдері

Лаузымға қойылатын біліктілік талаптары:

      жоғары педагогикалық білімі немесе "Әлеуметтік педагог" бағыты бойынша кәсіптік білімі немесе педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат, жұмыс стажына талап қойылмайды; 

      және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде әлеуметтік педагог лауазымындағы жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін-кемінде 2 жыл, педагог – сарапшы үшін-кемінде 3 жыл, педагог-зерттеуші үшін – кемінде 4 жыл және педагог-шебер лауазымындағы жұмыс өтілі – 5 жыл.

                Білуі тиіс:

Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" заңдары және білім беру мәселелері жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық актілер;

      педагогика және психология, физиология, гигиена;

      тәрбие жұмысының әдістемесі, үйірмелер, секциялар, студиялар, клубтық бірлестіктер сабақтарының бағдарламалары;

      педагогикалық этиканың нормалары;

       балалар ұжымдары, ұйымдар мен қауымдастықтар қызметінің негіздері; 

      еңбек заңнамасының негіздері, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар мен нормалар

Лауазымдық міндеттері:

         Жеке тұлғаның психологиялық-медициналық-педагогикалық ерекшеліктерін және оның шағын ортасын, өмір сүру жағдайларын зерделейді, білім алушылардың, тәрбиеленушілердің мүдделері мен қажеттіліктерін, проблемаларын, жанжалды жағдайларын, мінез-құлқындағы ауытқуларды анықтайды және оларға әлеуметтік көмек пен қолдауды уақтылы көрсетеді;

      әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың міндеттерін, нысандарын, әдістерін, баланың жеке және әлеуметтік проблемаларын шешу тәсілдерін айқындайды, білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке басының құқықтары мен бостандықтарын іске асыруда әлеуметтік қорғау және әлеуметтік көмек бойынша шаралар қабылдайды;

      білім алушылар, тәрбиеленушілер және ұйым, отбасы, орта, әртүрлі әлеуметтік қызметтердің, ведомстволар мен әкімшілік органдардың мамандары арасында делдал болады;

       жеке тұлғаның қоғамдағы өмірге бейімделуін қамтамасыз ететін білім беру ұйымдарында және тұрғылықты жері бойынша білім алушыларды, тәрбиеленушілерді тәрбиелеу, білім беру, дамыту және әлеуметтік қорғау жөніндегі шаралар кешенін жүзеге асырады; 

      жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың, кемтар балалардың, мүгедек балалардың, бала кезінен мүгедектердің патронат, тұрғын үймен, жәрдемақылармен, зейнетақылармен, мүліктік және мүліктік емес құқықтармен қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты үйлестіреді;

      сабақтан тыс уақытта білім алушылардың, тәрбиеленушілердің таланттарын, ақыл-ой және дене қабілеттерін дамыту үшін жағдай жасайды;

      әлеуметтік ортада адамгершілік, адамгершілік сау қарым-қатынас орнатуға ықпал етеді;

      білім алушылар, тәрбиеленушілер және мемлекеттік, қоғамдық ұйымдар мен әлеуметтік қызметтер арасындағы байланысты қамтамасыз етеді;

      педагогтармен, ата-аналармен және өзге де заңды өкілдермен өзара іс-қимыл жасайды;

       білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың, тәрбиеленушілердің өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді; 

      білім беру ұйымдарында білім беретін оқу бағдарламаларын әзірлеуге, бекітуге және іске асыруға қатысады;

      білім алушылар мен тәрбиеленушілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді.


Лауазымдық жалақысы: санатына және еңбек өтіліне байланысты 120000 теңгеден басталады.

Байқаудың өту орны: 070019 Өскемен қаласы, Новаторов  көшесі 9 а,  2 қабат, 217 кабинет, ШҚО білім басқармасы "Облыстық математика, физика информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандырылған мектеп-лицейі" КММ 

Байқау   Мемлекеттік білім беру   ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығына (22.11.2021 ж. өзгертулер мен  толықтырулар еңгізілген) (Мемлекеттік, орта, техникалық және   кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналастрыу және мемлекеттік мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру ұйымының басшысы лауазымына конкурстық тағайындау қағидаларын бекіту туралы") Қазақстан Республикасы Білім және  ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы  ю 57 бұйрығына  өзгерістер еңгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және  ғылым министрінің 2021 жылғы 19 қарашадағы   № 568 және Қазақстан Республикасы Еңбек және  халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 22 қарашадағы ю 432 бірлескен  бұйрығы  негізінде өткілізеді.

Байқауға   қатысу үшін кандидатқа қажетті құжаттар:

1) Үлгі (zajavlenie-na-dopusk-k-konkursu.docx   [13,94 Kb]бойынша  ұсынылатын құжаттардың тізімін  көрсете отырып,  байқауға қатысу туралы үтініш. Онлайн файлды көру: zajavlenie-na-dopusk-k-konkursu.docx );

2) Жеке басын   куәландыратын құжат немесе цифрлық   құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

3)кадрларды есепке алу бойынша  толтырылған парақша (нақты тұрғылықты мекен жайы және байланыс телефоны көрсетілген - бар болған жағдайда);

4)Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын   біліктілік талаптарына сәйкес   білімі туралы құжаттардың көшірмесі;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмесі;

6) "Денсаулық сақтау саласындағы  есепке алу   құжаттамасының нысандарын бекіту   туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің  мәндетін атқарушының  2020 жылғы   30 қазанындағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша  денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік  құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген);

7) психоневрологиялық ұйымынан анықтама;

8) наркологиялық ұйымынан анықтама;

9) Ұлттық біліктілік тестілеу  сертификаты немесе  педагог-модератордан төмен емес қолданыстағы  біліктілік санаты туралы куәлік (болған жағдайда);

10) Педагогтің  бос немесе уақытша бос  лауазымына   кандидаттың толтырылған бағалау парақшасы (ocenochnyj-list.docx  [18,19 Kb]
 Файлды осы жерде көруге болады: 
ocenochnyj-list.docx )

11) Еңбек өтілі жоқ кандидат үшін ұзақтығы кемінде 15 минутты құрайтын бейне презентация, рұқсаттылығы - 720 x 480.

Кандидат бар болған жағдайда  біліміне, жұмыс тәжірибесіне  қатысты қосымша ақпараттар ұсынуға болады ( біліктілікті арттыру, ғылыми/академиялық атақтар мен  дәрежелерді игеру бойынша құжаттардың көшірмесі, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар бойынша құжаттар және алдынғы  жұмыс орнынан  басшылықтың мінездемесі).

Аталған құжаттардың бірінің  болмауы кандидатқа құжаттарды қайтару үшін негізгі себеп болып табылады.

Құжаттар   хабарландыру шыққан күннен бастап   жеті жұмыс күні  ағымында PDF форматында  2023 жылдың  03 тамыздан 10 тамыз аралығында  skolapriem@gmail.comэлектронды поштасына қабылданады, телефон: 8/7232/249301

Лента новостей

25 апрель 2024 Эссе байқауы
24 апрель 2024 "El Umiti Talent"
20 апрель 2024 Конкурсный отбор
18 апрель 2024 «Brain ring»
17 апрель 2024 Ашық сабақ
Наш адрес
Усть-Каменогорск, улица Новаторов, 9А

©2016-2023, Коммунальное государственное учреждение "Областная специализированная школа-лицей для детей, одаренных в области математики,физики,информатики" Восточно-Казахстанской области
Все права защищены. Проект "Интерактивная школа". Техническая поддержка "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru